Жаңалықтар

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Жастарға арналған Ел.кз интернет-жобасы жастарды өндіріс ошақтарынан іздеуді қолға алғалы екі апта уақыт өтті. Бүгін біз жас мамандарды «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тауып алдық.
11.02.2015 09:05 5649

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Жастарға арналған Ел.кз интернет-жобасы жастарды өндіріс ошақтарынан іздеуді қолға алғалы екі апта уақыт өтті. Бүгін біз жас мамандарды «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тауып алдық. Мадьяр Пахритдинов – В 1 категориясындағы үлгілі жас механик. Ол бізді зауыттың өмірімен таныстырып, ол туралы түрлі қызықты мәліметтерді әңгімелеп берді.

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды? Сұхбат

– Тікұшақ деген сіз үшін не?

–  Тікұшақ өте мобильді көлік және А нүктесінен Б нүктесіне жетудің ең жылдам құрал, әрине белгілі бір қашықтықта.  Бір оқыс жағдай болып, бір адамды шұғыл құтқару қажет болды делік, машинамен бара алмайсыз, барғанның күннің өзінде ұзақ. Осы кезде тікұшақ таптырмас құрал, көлік. Аты айтып тұрғандай «тік» ұша алады, ұшақ сияқты арнайы әуежайды қажет етпейді, кез келген жерге қона алады, тасты жер болсын, таулы жер болсын.

– Сіздер қазір көбіне Қорғаныс пен Төтенже жағдайлар тарапынан түскен тапсырыстарды орындайсыздар. Болашақта қарапайым азаматтар тарапынан сұраныстар болып жатса, азаматтық тікұшақтарды жасай аласыздар ма?

– Неге жасамасқа? ХХІ ғасырда өзіңіз білесіз ең басты қажетті дүние бұл – уақыт. Бәріміз үлгере алмай жүреміз, істейтін шаруа өте көп. Мен қарапайым азаматтар туралы айтып отырмын. Ал енді көз алдыңызға кәсіпкерлерді, іскерлерді елестетіп көріңізші. Оларды шаруасы қатардағы азаматтан әлдеқайда көп: кездесу, жиындар, келіссөздер, жұмысты ұйымдастыру дегендей. Оның үстіне қалалар үлкейіп, көлік саны артуда. Мұның бәрі жүріп-тұруды, қозғалысты тежейді. Дәстүрлі көлік мұндай жағдайда көбіне қауқарсыз болып жатады. Осы тұрғыда келешекте менің ойымша азаматтық тікұшаққа деген сұраныс артып та қалар және біз оған дайынбыз деп ойлаймын. Расын айтсақ, азаматтық тікұшақтар қазір де әжептәуір пайдаланады, бірақ көбіне Алматы өңірінде. Өзге қалаларда бұл әлі дами қойған жоқ. Кім біледі? Уақыт өте соған келетін шығар.

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

– Дәстүрлі көлікті жүргізу үшін сізде бір қатар құжат болуы шарт: жүргізуші куәлігі, техпаспорт, сақтандыру шарты, техникалық байқау, көлік өзіңіздікі болмаса сенім хат және т.б. Тікұшақ сатып алған адамға осы тұрғыдан қандай талап қажет?

– Әзірше ешқандай. Бірақ сізде 2 қызметкер болуы тиіс: ұшқыш (пилот) және техникалық қызмет көрсетуші.

– Бұл зауыт қашан және қалай пайда болды?

«Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС – 2011 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Францияның экс-Президенті Николя Саркозидің бастамасымен ашылған кәсіпорын. Бұл жоба паритеттік негізде жүзеге асуда: 50% «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және 50% «Airbus Helicopters» компаниясы. Зауыт 2012 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ашылды.

– Зауыттың өнімділігі қандай?

Зауыттың жоспарлы өнімділігі – жылына 12 дейін тікұшақ құрастыру. Кәсіпорында ЕС145 тікұшағының ірі-түйінді құрастырылуы, боялуы, медициналық жабдықтардың орнатылуы, құрылғылар мен жүйелердің сынақтан өткізілуі жүзеге асырылады.

 Бірте-бірте құрастыру жұмыстарының көлемі ұлғаяды деп күтілуде.

 Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

– Сіздер тікұшақты толықтай құрастырасыздар ма? Барлық бөлшек сырттан келеді ғой?

– Иә, бөлшектердің бәрі толықтай шетелден келеді, біз тек құрастырамыз.

– Ендеше оның бізге пайдасы неде: тәжірибе ма, әлде бағасы төмендей ма өзімізде құрастырғаннан?

– Бір жағынан тәжірибе, екінші жағынан бұл – эксклюзивті құқық. Мәселен, Қырғыз елінен немесе Өзбекстаннан «Airbus Helicopters» компаниясына барып тікұшақ сатып алғысы келетіндерін айтса, олар Қазақстанда өздерінің өкілеттілігі бар екенін жеткізіп, сатып алушыларды бізге бағыттайды. Яғни біз Орталық Азия бойынша жалғыз таратушымыз. Сіз «Airbus Helicopters» компаниясына шықсаңыз, сізбен тікелей сөйлеспейді, олар үлкен мекеме, хабарласып тұрған жеріңізге қарап, жақын маңдағы филиалына немесе біз секілді кәсіпорындарға сілтейді. Алғашында біздегі шағын жекеменшік компаниялар Ресейдегі филиалмен жұмыс істейтінбіз. Бір бөлшек қажет болса, орталық компания бізді Ресейге бағыттайды, бізге хабарласпай, тек солармен сөйлесіп тындыра беріңдер дейді. Ал енді қазір «Airbus Helicopters» өкілеттілігі Қазақстанда да бар.

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

– Бөлшектердің бәрі бір елде жасала ма?

– Негізінен бөлшектердің басым көпшілігі бір елде жасалады, дегенмен тұтастай барлық бөлшек емес. Мәселен, ЕС145 тікұшағын алып қарасақ, қозғалтқыштар Францияда, құйрық бөлігі мен бас редукторлар Жапонияда, қалған бөліктері Германияда әзірленеді.

– Зауыттарыңыз одан әрі кеңею үшін сіздерге не қажет деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, зауытымыз одан әрі өрлеу үшін өңірлерде индустриялық даму белең алуы қажет. Егер өндіріс дамыса, біздің өнімге деген сұраныс күрт артады деп ойлаймын. Ал сұраныс өзіңіз түсінгендей біздің кәсіпорынның жұмысына алға жетелейді.

Құрастыруды қалай және қайдан үйрендіңіз? Бізде тікұшақ құрастыруды үйрететін оқу орны бар ма?

– Азаматтық авиация академиясы бар бізде. Бірақ оны бітірсеңіз сіз жай ғана дипломы бар маман болып шығасыз. Ал шын мәнісінде, тікұшақтың әр моделін жеке оқу керек, біз құрастыратын ЕС145 бөлек, ЕС130 бөлек, ЕС120 бөлек. Осының әрқайсысын арнайы оқу керек, өйткені ұшқыш оның барлық мүмкіншіліктерін мен ерекшеліктерін білуі тиіс.

Өзіме келер болсам, осы компанияға келмес бұрын Алматыда 5 жылдай тікұшаққа қызмет көрсетуші болып жұмыс істедім. Осында келгеннен соң Германияға оқуға барып келдім. Жалпы бізде құрастырумен айналысатындардың бәрі сол жерде оқып келген.

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

– Жаңа мамандарыңызды ылғи шетелде дайындайтын боласыздар ма?

– Жоқ. Бізде қазір оқу орталығы ашылып жатыр. Арнайы оқытушы таңдалып, оны шетелге ұзақтау мерзімге жібереді. Сосын ол келіп осы жерден дайындайтын болады жас мамандарды. Келешекте, зауыт қабырғасында құрастыру жұмыстарынан бөлек, оқыту жұмыстары да болады.

– Құрастырумен неше адам айналысады?

4 механик, 3 авионик, 2 маляр және техникалық бөлімнің бастығы, бәрі – 10. Сондай-ақ, сынақтан өткізуші ұшқышымыз бар.

– Бір тікұшақ жасауға қанша уақыт кетеді?

Дәл қазіргі құраммен және дәл қазіргі жұмыс құрастыру деңгейімен шамамен 2 апта кетеді.

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

– Осы күнге дейін неше тікұшақ құрастырдыңыздар?

Зауыт ашылғалы бері 26 тікұшақ.

– 26 тікұшаққа 52 апта қажет. Ал 2011-ден бастап 52 аптадан әлдеқайда көп уақыт өтті. Тоқтаулар бола ма?

– Біз тапсырысқа сай жұмыс істейміз. Сұраныс солай болғаны да…

– Не үшін ЕС145 моделін құрастырасыздар?

– Ең басты себеп – бұл тікұшақтың атқара алатын қызмет саны өте көп. Жанар-жағармай көбірек құюға болады және сол арқылы ұзаққа ұша алады, адам көбірек сияды. Сондай-ақ, ЕС145-тің екі қозғалтқышы бар. Бұл оны қауіпсіз көлік етеді, бір қозғалтқыш істен шықса, екіншісімен жерге қиналмай қонуға болады.

– Ұшқыш болғыңыз келмей ме?

– Болғым келеді. Бірақ денсаулыққа байланысты талаптар өте жоғары. Жарты жыл сайын кешенді тексеруден өтуің тиіс, жүрек саулығы өте маңызды. Ұшып бара жатып, жүрегі ұстап қалмауы тиіс. 

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Қазақстанда «Еврокоптер» тікұшағын кім жасайды?

Зауыт туралы фотоальбомды сілтеме бойынша көре аласыз.


Дәурен Омаров

Фото: Солтан Жексенбеков

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға