Жаңалықтар

Қазақстандағы Корея Республикасының әскери атташесі таныстырылды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады
Қазақстандағы Корея Республикасының әскери атташесі таныстырылды
Фото: gov.kz 27.07.2022 19:56 2460

Елордада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов пен Корея Республикасының Әскери атташесі полковник Сонг Тэгук кездесті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты корейлік әріптесі Корея Республикасының жаңа әскери атташесі 2-дәрежелі капитан Ким Джонг Хені таныстырды.  

Қазақстандық тарап полковник Сонг Тэгук бастаған Қазақстандағы Кореяның әскери атташесі аппаратының қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды арттырудағы еңбегін атап өтті.  

Сон Тэгук 2019 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасында әскери атташе қызметін атқарды. Осы кезеңде тараптар әскери ынтымақтастықты дамытуда, оның ішінде әскери білім беру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға