Жаңалықтар

Қазақстанда ұрлық саны екі есе азайды

Ішкі істер министрі 2019 жылы ұрлық, мал ұрлау және зорлау ауыр қылмыс санатына ауысқанын айтты
Қазақстанда ұрлық саны екі есе азайды
Фото: polisia.kz 27.09.2022 15:44 1592

Қазақстанда ұрлық саны екі есе азайды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Ішкі істер министрі 2019 жылы ұрлық, мал ұрлау және зорлау ауыр қылмыс санатына ауысқанын айтты.

 – Бұл ұрылар мен қылмыскерлерді тұтқындауға ғана емес, оларды қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік берді. Қылмыстың қайта жасалуына жол бермейді. Нәтижесінде ұрлық саны 2 есеге қысқарды (2019 жылы – 108 мың; 2022 жылы – 46 мың). Ал мал ұрлағаны үшін жеке жаңа қылмыс құрамы енгізілді. Бұл мал ұрлығын 2,5 есеге азайтты (2019 жылы – 3 292; 2022 жылы – 1 271), – дейді министр.

 Зорлау да ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін татуласуға тыйым салынады. Осылайша, күдікті жауапкершіліктен құтыла алмайды. Нәтижесінде бұл қылмыстардың саны да 2 есе азайды (926/451).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға