Жаңалықтар

Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің бірыңғай CALL-орталығы ашылады

Бұл туралы Денсаулық сақта министрлігі мәлімдеді
Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің бірыңғай CALL-орталығы ашылады
Фото: gov.kz 25.08.2022 19:14 1012

Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің бірыңғай CALL-орталығы ашылады, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанда психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының директоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков хабарлады.

Осылайша, медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж қазақстандықтарға консультациялық, психологиялық қолдау көрсету үшін бірыңғай call-орталық құрылады.

«Халық толық ақпаратқа ие болмағандықтан, оңалту бөлімшелері жұмыс істейтін жерде көмекті қалай алуға болады, бұл бөлімшелерге қалай кіруге болады деген сұрақтарға жауапты осы call-орталығынан ала алады. Аталған call-орталық еліміздің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіреді»,-деді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының басшысы.

Қазіргі уақытта әрбір психикалық денсаулық орталығында Сенім телефондары, онлайн-психотерапиялық және психологиялық көмек көрсету бойынша ақпараттық ресурстар жұмыс істейді, онда білікті мамандар кеңес береді.

Бірыңғай call-орталық барлық ақпаратты біріктіріп, азаматтарға жедел және білікті көмек алуға көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға