Жаңалықтар

Қазақстанда бүйрек трансплантациясының бірегей технологиясын игерді

Трансплантолог-хирургтар туыс донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады
Қазақстанда бүйрек трансплантациясының бірегей технологиясын игерді
Фото: gov.kz 25.08.2022 14:43 3078

Алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында трансплантолог-хирургтар туыс донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Операцияның бұл түрі – АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясының әлемнің бірқатар елдерінде, бірақ өте аз мөлшерде жасалады.

Бүйрек трансплантациясы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттер үшін алмастырушы бүйрек  терапиясының оңтайлы әдісі саналады. Алайда барлық елдерде кездесетін донорлық органдардың тапшылығына байланысты емдеудің мұндай әдісін қолдану мүмкіндігі едәуір шектелген. Әйтсе де, тірі донордан бүйрек алмастыру – бұл проблеманы еңсерудің анағұрлым  дұрыс жолы.

Бұл жолы бірнеше сағатқа созылған операциялар барысында  35 жастағы науқасқа донорлық орган сәтті трансплантацияланды. Ол «5-ші сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы» диагнозымен келіп түкен еді. 

Екі жыл бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Бұл реципиенттің туыс доноры болған, бірақ қан тобы сәйкес келмеген еді. Пациентке десенсибилизациялаушы терапия жүргізгеннен кейін қан тобы басқа туыс донордан  бүйрек трансплантациясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

«Донор-реципиенттің» қазіргі жай-күйі қанағаттанарлық. Бүгінгі таңда реципиент үйіне шығарылды. Қазір амбулаториялық бақылауда.  

Жалпы, Қазақстанда трансплантологияны дамыту өзекті мәселе болып саналатынын айта кеткен жөн.  2022 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 3 566 пациент донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді екен. Оның 77-сі  – балалар. Оның ішінде ең көбі – бүйрегін ауыстыруға мұқтаж жандар. 3154 ересек және 8 балаға бүйрек ауыстыру операциясы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға