Жаңалықтар

Қазақстан және G20 елдері: көрсеткіштер айырмасы

Қазақстан және G20 елдері: көрсеткіштер айырмасы
18.12.2014 04:50 3717

Қазақстан және G20 елдері: көрсеткіштер айырмасы

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасының көлемі жылдан-жылға артып келеді. Ал ол бәсекелестікпен бірге келеді. Осы ретте әлемнің ең ірі 20 экономикасы (G20) мен Қазақстан арасындағы көрсеткіштердің салыстырмасын ұсынамыз.  

Ескерту: келтірілген кестелер тек Google chrome браузерінде ғана қолжетімді

Мемлекеттер ЖІӨ-нің өсу динамикасы

G20 мемлекеттерінің экономикалық өсімі бойынша Қазақстан Қытайдан кейінгі екінші орында. 2013 жылы Қытай ЖІӨ өсімі 7,67% болса, Қазақстандікі 6%, одан кейін Индонезия - 5,78%. Қалған мемлекеттердіге осы көрсеткіштерден түсе береді. Ең төменгі көрсеткішті Италия экономикасы көрсетті, -1,85%. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстанның ЖІӨ-нің төмендегенін көруге болады. Бірақ 1996 жылдан бастап мемлекет экономикасы 0,5% шамасында өскен. Содан бері экономика тұрақты өсімді сақтап келеді. 

Жан басына шаққанда ЖІӨ өсімі

Графикте келтірілген деректер бойынша Қазақстан 21 мемлекет ішінде 4-ші орында. Яғни, жан басына шаққанда ЖІӨ көрсеткіштері 4,47%-ға тең. Алдымызда Аргентина, Қытай, Индонезия мемлекеттері ғана. 1995 жылға дейін кері көрсеткішке тең болса, 1996 жылдан бастап 2,06%-ға артып, өсімін кейінгі жылдары да сақтап отырды. Ең көп мәнге ие болған кезең 2001 жыл. Ол кезде Қазақстандық көрсеткіш 13,69%-ға дейн артты. Сол кезеңдегі G20 елдерінен ең жоғары деңгей болған. 

Жұмыссыздық деңгейі

Соңғы деректер бойынша жұмыссыздық деңгейі әлемдік көрсеткіштермен сәйкес келеді. Ал G20 елдері ішінен дамыған елдермен қатарласа орналасқан. 1990 жж. Қазақстан көрсеткіштері 10%-дан аса болса, қазір бұл сан екі есе азайған. Яғни, 5,2% шамасында. Ұлыбритания, Германия, Сауд Арабия, Ресей секілді елдердің жұмыссыздық деңгейі жоғарырақ. Аталған елдерден бөлек жұмыссыз халық саны өте көп - Оңтүстік Африка республикасы. Ол елде - 25,2%. 

Джини индексі - ең көп байлыққа және ең азына иелік ететін азаматтар арасындағы айырмашылық деңгейі.

Джини индексі көрсеткіштері

G20 елдерімен салыстырғанда Қазақстанда Джини индексі төмен, 28,56 деңгейіне сай келеді. Ең жоғарғы көрсеткіш Оңтүстік Африка республикасында 65,02, сондай-ақ Бразилия 52,67, Мексика 48,07, Малайзия 46,21, АҚШ 41,12, Ұлыбритания 38,04, Жапонияда 32,11-ге тең болған. Джини көрсеткіші төмен болған сайын мемлекет тұрақтырақ болады. 


Назгүл Таубаева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға