Жаңалықтар

Қазақстан туралы 25 қызықты дерек

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл
06.12.2016 05:37 9723

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында назарларыңызға Қазақстан туралы 25 қызықты дерек ұсынамыз.

Қазақстан туралы 25 қызықты дерек

  1. Қазақстандағы «Байқоңыр» ғарыш станциясынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан.  
  2. Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Бұл жерді спортшылар ерекше жақсы көреді. Себебі, таудың таза суынан құйылатын мұз айдында 170 әлем рекорды тіркелген.
  3. Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, дүниежүзінің ең биік нүктесі болып есептеледі.
  4. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін  әр оқтың үшіншісі Қазақстанда жасалған.
  5. Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы Қазақстан жерінен табылған.
  6. Қазақстан астанасы Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі.
  7. Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы тас кешені.
  8. Қазақстанда 17 млн адам мен 130-дан астам ұлт тұрады.
  9. Қазақстанның териториясына бес Франция, үш Түркия, немесе жеті Жапония сиып кетер еді.
  10.  Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелден 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
  11. Шай ішуден Қазақстан алғашқы орында келеді. Жылына әр адам басына 1,2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 гр құрайды.
  12. Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл әлем бойынша 62-ші орын.
  13. Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан.
  14. Қазақстана 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар. 
  15. Астанада Бейбітшілік және келісім сарайын бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостермен салған.
  16. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара - әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара болып табылады: Оның ұзындығы — 7 512 км.
  17. Жылқылар алғашқы мәрте қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілген.
  18. Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы Қазақ жерінен табылған.
  19. Қазақстандағы Балқаш көлі – әлемдегі ең ірі көлдердің бірі. Көл суының жартысы тұзды, жартысы тұщы.
  20. Қазақстан Республикасы БҰҰ, НАТО, ТМД елдері мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше.
  21. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
  22. Теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде үш рет танылды.
  23. «Астана Опера» театры Орталық Азияда ең үлкен театр болып саналады.
  24. 2012 жылы Астана ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды.
  25. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүруде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға