Жаңалықтар

Қазақстан Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелтуді азайтты

Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтады.
Қазақстан Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелтуді азайтты
Фото: opennews.kz 04.08.2022 02:50 1548

Каспий құбыр консорциумы Қашағандағы мұнай өндірудің тоқтауына және Теңіз мұнай кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қара алтынды жөнелту көлемін азайтты, деп хабарлайды  El.kz.

– Каспий құбыр консорциумының бас учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кен орнынан мұнай өндіру көлемі төмендетілген деңгейде жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтады. Аталған факторлар Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемінің айтарлықтай төмендеуіне себеп болып отыр, - делінген Каспий құбыр консорциумы таратқан хабарламада. 

Консорциум мәліметінше, компания акционерлері мен мұнай тасымалдаушыларға аталған жағдай туралы мәлімет беріліп, алдын ала ескертілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға