Жаңалықтар

Қазақстан Pfizer-дің 300 мың дозасына тапсырыс береді

«QazVac» вакцинасының 500 мың дозасы өндіріледі
Қазақстан Pfizer-дің 300 мың дозасына тапсырыс береді
Фото: 24.kz 15.07.2022 14:50 1922

Қазақстан күзге қарай Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасына тапсырыс береді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Бүгінгі таңда елімізде 1 млн 640 мың 930 доза вакцина бар. Оның ішінде, 329 мың доза «QazVac», 1 млн 200 мыңдай доза Sinopharm, 106,5 мың доза Pfizer вакцинасы. Нақты Алматы қаласы бойынша айтсақ, бүгінгі таңда «QazVac»-тың 37 мың дозасы, Sinopharm-ның 180 мың дозасы, Pfizer-дің 8 600 дозасы бар», - деді министр.

Сондай-ақ, ол ай сайын отандық «QazVac» вакцинасының 500 мың дозасы өндірілетінін еске салды.

«Бүгінде шамамен 2 млн доза вакцина бар деп отырмын. Сондықтан, вакцина жетпей жатыр деп айтуға негіз жоқ. Pfizer-ге келсек, қолда қалған дозаларды қолданып жатырмыз. Күзгі кезеңге деп балалар мен жүйкті әйелдерге қосымша тапсырыс жасалады. Қазіргі есеп бойынша бұл санатқа жататын 150 мың адамға 300 мың вакцина алу керек», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға