ашық дереккөз

Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

30.06.2022 21:25

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттырады, деп хабарлайды El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жиынына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.