Жаңалықтар

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Бүгін, 9 маусым - ұлттық аза тұту күні
09.06.2016 04:03 4100

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында болған террорлық актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 9 маусымын ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда:

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Максименко Андрей Владимирович, 1972 жылы туған, "Паллада" дүкенінің сатушысы. Лаңкестер қару-жарақ дүкеніне кіріп, оқ-дәрі мен қаруды талап еткен шақта Андрей дабыл түймесін басып үлгерген. Кейін сатушының күзет шақырғанын біліп қалған қарулы топ оған бірнеше мәрте пышақ сұғып алады. 

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Онищенко Николай Александрович, 1947 жылы туған, "Паллада" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан көз жұмды. Ол «Паллада» дүкені орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жоғарғы жағында тұрған болатын. Зейнеткердің бір ұлы, немересі бар.

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Тәжібаев Мерхан Есенбайұлы, 1983 жылы туған, "Күзет" қызметінің қызметкері, соңында екі баласы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Матросов Михаил Витальевич, 1981 жылы туған, "Пантера" дүкенінің маңынан өтіп бара жатқан кезде қаза тапты. 13 жастағы ұлы қалды.

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Сапар Дасбол Еркімбекұлы, 1997 жылы туған, 6655 әскери бөлімінің жедел қызметінің сарбазы. Отбасы ОҚО Шардара ауданы Көксу ауылында тұрады.

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, 1975 жылы  Қызылорда облысында туған, 6655 әскери бөлімінің офицері. Отбасы Алматы облысында тұрады.

Қазақстан халқы теракт құрбандарын аза тұтуда

Қалиев Берік Ерланұлы, 1978 жылы туған, 6655-ші әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет атқарған, кіші сержант, артында 4 баласы қалды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға