Жаңалықтар

Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс сессиясы өтті

Күн тәртібінде ­­- Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауында ҚХА атынан өкілеттік ететін депутаттарға дауыс беру.
21.03.2016 07:21 3944

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті. Күн тәртібінде ­­- Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауында ҚХА атынан өкілеттік ететін депутаттарға дауыс беру.

Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс сессиясы өтті

Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлеріндегі ҚХА мүшелерінің, яғни республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің делегаттары, қоғам қайраткерлері, шығармышылық интеллигенция өкілдері, ҚР аккредитациясынан өткен халықаралық бақылаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.  

Сағат 07:00 уақытында Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарына дауыс беру орнын (Бейбітшілік және келісім сарайының атриумы, 3 қабат) ашып қойды.  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 93-1 бабына сәйкес Ассамблея мүшелері ҚХА Кеңесі Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарға дауыс береді. Қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жария еткеннен кейін сессия жабылады.

Сессия жабылар алдында дауыс берудің нәтижесі жарияланды. 

ҚХА атынан сайланған 9 депутаттың тізімі:

1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті.  

2. Божко Владимир Карпович – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, «Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, ҚХА Кеңесінің мүшесі.

3. Жұмаділдаева Наталья Васильевна – Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры. ҚХА мүшесі.

4. Ким Роман Ухенович – «Қазақстан корейлері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің 5 шақырылым депутаты.

5. Микаелян Наринэ Гамлетовна – Алматы қаласының «Луйс» армян мәдение орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі.

6. Мурадов Ахмет Сейдарахманович – «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің 5 шақырылым депутаты.

7. Нурумов Шаймардан Усаинович – «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

8. Тимощенко Юрий Евгениевич – «Қазақстан украиндықтарының радасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің 5 шақырылым депутаты.

9. Хахазов Шакир Хусаинович – «Дүнген этномәдени орталықтарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі, ҚХА Кеңесінің мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік. ҚР Конституциясының 51-1 бабына сәйкес, Мәжілістің тоғыз депутатын ҚХА сайлайды. Қалған 98 депутат жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы анықталады. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға