Жаңалықтар

Қазақстан әскери-әуе күштеріне 24 жыл

Қарулы Күштер – ел қорғаны
Қазақстан әскери-әуе күштеріне 24 жыл
Фото: gov.kz 02.07.2022 18:15 2046

1998 жылы Әскери қорғаныс күштерінің әскери-әуе күштерін құру туралы директиваға қол қойылған. Сол уақыттан бастап бұл атаулы күн болып күнтізбеге енді, — деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрілігінің ресми сайтында жарияланды.

— Қазақстанның әскери-әуе күштері – маңызды бағыттарды, аудандар мен объектілерді әуе қарсыластарының соққыларынан қорғауға арналған негізгі маневрлік атыс әскері. Олар әуе кемелерінің заманауи түрлерімен, соның ішінде көп функциялы жойғыштармен және соққы беруші тікұшақтарымен жабдықталған. Ұшқыштардың жауынгерлік даярлық жүйесі де ұдайы жетілдіріліп отырады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі де ескеріліп, талданады. Мұның бәрі іс жүзінде жеке құрамды әуеде соғыс жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйренуіне мүмкіндік береді, — делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Ведомство әскери-әуе күштерінің ептілігі «Жусан» гуманитарлық акциясы кезінде көрінгеніне назар аударады. Ұшқыштардың Сирияға рейстер жасап, азаматтарды елге жеткізгеніне тоқталады.

— 2021 жылдың тамызында аса күрделі әрі қауіпті жағдайларда әскери-көлік авиациясының экипаждары Кабулдан келген отандастарды эвакуациялау операциясын жүзеге асырды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Елшілігіне көмек сұрап келген Қырғызстан, Ресей және Литва азаматтары да Ауғанстаннан гуманитарлық операция кезінде шығарылды, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға