Жаңалықтар

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл
25.11.2016 04:43 5562

Желтоқсан айы қазақ елі үшін атаулы күндерге бай. Соның ішіндегі ең бір маңыздысы, Қазақстанның мемлекет ретіндегі тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізген – Тәуелсіздік күні. Мейрам қарсаңында, El.kz редакциясы ынтымағы жарасып келе жатқан шет мемлекет басшыларының, әйгілі тұлғалардың Қазақстанның жетістіктеріне байланыстыәр жылдары айтылған пікірлерін жинақтады.

 Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасыАуғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани:

«Қазақстан халқы тұрақты, гүлдеген әрі табысты мемлекет құрды. Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, біздердің өзара қарым-қатынастарымыз тереңдеп, кеңейе түсті. Ең алдымен мен сізді және барша қазақ халқын гүлденген, табысты мемлекет құра алғандықтарыңызбен құттықтаймын. Сіз тек қана мемлекет құрып қана қоймай, оны тұрақты, гүлденген және табысты елге айналдырдыңыз».

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасыБахрейн королі Хамад бен Иса әл Халифа:

 «Біздің елдерімізде ортақ ұқсастықтар өте көп. Екі елдің де Тәуелсіздік күндері 16-желтоқсан екенінің өзі неге тұрады?! Біз Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас жасауға мүдделіміз. Біздің бұл қатынастарымызды дамыту - ортақ міндет».

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасыКипр Республикасының Қазақстандағы  Төтенше  және Өкілетті Елшісі Петрос Кесторас:

«Қазақстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы орнады. Содан бері біздердің қарым-қатынасымыз барлық салалар мен бағыттарды қамти отырып, тұрақты дамып келеді. Біздердің саяси байланыстарымыздың сапасы жоғары деп айтуға әбден болады. Себебі, Кипр Республикасы Қазақстан Республикасын өте маңызды әріптес деп есептейді».

 


Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

Кипрдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Николас Емилиоу:

«Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Шиеленіске толы қазіргі кезде елдің мәдениетаралық, ұлтаралық қатынастарға байланысты бастамалары аса маңызды».

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

 

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон:

 

«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан сіздің басшылығыңызбен экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқат деңгейін арттыруда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Аймақта және әлемде салмақты беделге ие болып отыр. Демократия мен прогресс мақсатын өзгеріссіз алға жылжыта отырып, ортақ қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге араласуда. Ел - әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналды».

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасыИран Ислам Республикасы Президенті Хасан Рухани:

«Қазақстан – Иранның маңызды саяси әрі экономикалық серіктестерінің бірі. Қазақстан мен Иран алдағы уақытта барлық сала бойынша әріптестікті нығайта түседі деп сенемін. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті».

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

 

Иран Ислам Республикасы елшілігінің Орталық Азия елдері бойынша маманы, Хасан Карраби:

«1991 жылдың желтоқсанында, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағанда оны ресми таныған, Алматыда елшілігін ашқан ең алғашқы мемлекеттердің бірі – Иран. Тарихта үнемі мәдени және діни ортақтастықтар негізінде жалғасып келген қарым-қатынастар Қазақстан Үкіметінің құрылуымен жаңа кезеңге аяқ басты. Тарихи кезеңдерде ұлы Түркістанның бір бөлігі болған Қазақстан оңтүстігінің ирандық өркениетпен мәдени жақындығы көп. Мәуереннаһр мен оңтүстік Түркістандағы ғылым мен мәдениеттің бесігі Тараз қаласы болса, ұлы философ әл-Фараби мен әйгілі мистик Қожа-Ахмет Ясауи сынды ұлы тұлғалар осы өңірден шықты».

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

Израиль Мемлекетінің экс-президенті Шимон Перес:

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің өз еліңізге деген адалдығыңыз Қазақстанды территориясы үлкен мемлекеттен мазмұны бай елге айналдырды. Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы».

 

 

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы

 Малайзияның аса көрнекті мемлекет қайраткері,  реформатор Махатхир Мохамад:

 

«Мен Қазақстан басшысы Н.Назарбаевпен көптен бері таныспын. Ел президенті «Сындарлы он жыл» кітабында қазіргі әлемдегі жүріп жатқан өзгерістер, түрлі сынақтар туралы өз пікірін білдіріп, Қазақстанның болашағы жайлы әңгіме қозғапты. Өзінің алға қойған өршіл жоспарларымен бөлісіпті. Менің Нұрсұлтан Әбішұлына деген сенімім зор. Ол өз елін қиындықтан алып шықты. Енді әлемдегі барынша дамыған елдер қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Бұл міндет Қазақстанның қолынан келеді. Мен әрбір малайзиялыққа бұл кітапты оқыңдар деп кеңес беремін».

 

Қазақстан – татулық пен өркениеттің ордасы Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған:

 

«Қазақстанда біз өзімізді ата-бабаларымыздың отанында жүргендей сезінетінімізді және бұл біздің халықтардың қарым-қатынасына оң әсер ететінін атап көрсетуіміз керек. Сондықтан біздің елдер үшін мәдениет саласындағы біріккен қызметтердің маңызы зор. Мәдениет саласындағы әріптестігіміз біздің қарым-қатынасымызды одан әрі дамыта беретіні сөзсіз».

P.S: Қазақстан Республикасы егемендік алған жиырма бес жылдың ішінде жоспарлы-әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға қарай үлкен қадам жасады. Болашақ даму «Қазақстан – 2030» стратегиясын басшылыққа алып, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар реформаларды бастады. Ел әл-ауқатын жоғарылату, экономикалық тұрақтылыққа жету, индустриалды-инновациялық мемлекетке айналу жоспарланды. Бұл жолда түрлі қиыншылықтар кездесті. Дегенмен, әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан өзге пост кеңестік ТМД елдеріне қарағанда айтарлықтай жетістікке жеткен. Бұл ең алдымен бай табиғи ресурстар қоры мен орынды сыртқы және ішкі саясат нәтижесі. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға