ernur.kz

Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады – Тоқаев

29.08.2022 09:38

Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды El.kz.
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады», - деді Мемлекет басшысы.