Жаңалықтар

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы мүшелері марапатталды

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының кеңейтілген жиналысы өтті.
Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы мүшелері марапатталды
24.12.2018 03:15 3302

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының кеңейтілген жиналысы өтті.

Жиында модераторлық еткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Қазақстан Халқы Ассамблеясы депутаттар тобының мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов.

Оған «Нураний анилар» кеңесі, «Жанан» қоғамдық қоры, Ақсақалдар кеңесі, Қазақстан ұйғыр жастарының бірлестігі мүшелері, аудандық этномәдени бөлімшелері қатысты.

Күн тәртібінде Тәуелсіздік күні мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды.

Ш. Нурумов мақалаға кеңінен тоқталып, баршаға ортақ түркі халықтарының генизисін құрудың маңыздылығын және қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар жиын барысында бір жылдық жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы жылға жоспарлар құрылды.

Кеңейтілген отырыстың соңы салтанатты рәсімге ұласып, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Жанан» қоғамдық қордың төрайымы Мизангүл Авамисимова «Бірлік» медалімен, Алматы қаласының республикалық Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығы филиалы төрағасының орынбасары Абдухалил Долкунтай «Жомарт жан» төсбелгісімен, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» АҚБ төрағасы Рустам Кайрыев Құрмет грамотасымен, Қазақстан ұйғырлары ЭМО мүшесі, меценат Бахтияр Абдулминов Құрмет грамотасымен және республикалық ұйғырлар орталығының бекіткен «Сахават» медалімен орталық белсенділері, спортшылар марапатталды. Сонымен бірге Ш. Нурумов орталықтың белсенді мүшелеріне алғыс хат табыс етті.

Нұргүл ШАТЕКОВА color:#3B3C3C">

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға