Жаңалықтар

ТЖМ таулы жерлерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін ұсынды

Үйшіктерде Құтқару қызметінің «112» пультіне «SOS» спутниктік сигналын беруге арналған дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған
ТЖМ таулы жерлерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін ұсынды
Фото: gov.kz 17.10.2022 12:25 2257

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы ТЖМ құтқару бөлімшелері 80-ге жуық азаматтарды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таулы жерлерде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтудың пәрменді тәсілдері мен негізгі әдістерінің бірі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша халықпен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды жүйелі жүргізу және ақпараттық-профилактикалық жұмыс болып табылады.

Ел аумағындағы тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тау маршруттарының шалғай тораптық учаскелерінде туристер түней алатын, ауа-райының қолайсыздығы кезінде жылынатын және алғашқы көмектің авариялық жиынтығын (дәрі қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы) ала алатын тау үйшіктерін салу практикасы бар.

Үйшіктерде Құтқару қызметінің «112» пультіне «SOS» спутниктік сигналын беруге арналған дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған. Сондай-ақ діңгектер Wi-Fi тарату функциясымен жабдықталған.

Сонымен қатар, таулы жерлерде арнайы бақылау-құтқару пункттері құрылады, онда іздестіру-құтқару жұмыстарына келу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік бере отырып, оқиға орнына шығуды қамтамасыз ететін құтқарушылардың тәулік бойы кезекшілігі жүзеге асырылады.

Іздеу жұмыстарына шұғыл ден қоюдың ажырамас бөлігі ұшқышсыз ұшу аппараты түріндегі заманауи авиациялық технологиялар болып табылады.

құтқару бөлімшелерінің қарамағындағы ҰҰА (ұшқышсыз ұшу аппараттары) жоғалған туристерді іздеуге жүйелі түрде тартылады.

Таулы жерлерде, төмен температурада, жауын-шашында және басқа да күрделі климаттық жағдайларда жауап беру уақыты адамдардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар болып табылатынын атап өткен жөн.

ҚаҺарман Оразалин ҚР ТЖМ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ аумақтық бөлімшелерін туристер мен туристік топтардың алдағы жүріп-тұру маршруттары туралы міндетті түрде хабардар ету тәртібінің заңнамалық нормасын енгізу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Көрсетілген норманы енгізу туристерге, оның ішінде медициналық туристерге туристік сапарлардан уақтылы оралмаған жағдайда, алдын ала белгілі маршруттар бойынша жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға