Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ. Түріктер үшін Еуро-2016 мәселесі бүгін шешілуі мүмкін

Қазақстан мен Түркия арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Майкл Оливер бастаған англиялық төрешілер бригадасы қазылық етеді.
12.06.2015 08:57 3227

Қазақстан мен Түркия арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Майкл Оливер бастаған англиялық төрешілер бригадасы қазылық етеді.  

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ. Түріктер үшін Еуро-2016 мәселесі бүгін шешілуі мүмкін

Майкл Оливердің көмекшілері ретінде Стюарт Бэрт пен Гэи Бисуик келеді, ал төртінші арбитр – Джон Брукс. Қосымша көмекшілер — Андре Марринер және Джонатан Мосс. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан – Түркия матчы 12 маусымда Алматы Орталық стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00­ге жоспарланған, ойынды тікелей эфирден «Қазақстан» телеарнасынан көруге болады.

Матч алдындағы баспасөз мәжілісінде Түркия ұлттық құрамасының бас бапкері Фатих Терим Қазақстанды жатырқамайтынын, өз үйіндей көретінін айтты.

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ. Түріктер үшін Еуро-2016 мәселесі бүгін шешілуі мүмкін

– Бұрын Астанада болдым, Алматыға екінші рет кеп отырмын. Астана қаласындағы 35 мың адамға арналған «Астана Аренаның» ашылуында болдым. Осы барлық сапарымда Қазақстанды өз үйімдей көрдім.

Қазір футбол клубтары демалысқа шықты, олар үшін маусым мәресіне жетті. Сондықтан, қазір ұлттық құрама үшін өте қиын сәт. Өйткені, барлығы демалғысы келеді. Голландия мен Болгария құрамаларымен өткізген ойыннан кейін физикалық тұрғыда шаршады. Бірақ, жігіттердің жеңіске деген жігері басым. Бүгінгі ойын біз үшін өте маңызды. Тек жеңіс үшін ойнаймыз, сондықтан бей-жай қарай алмаймыз.

Қазақстан ұлттық құрамасының мықтылығы мен осал тұстарын айта алмаймын. Жасыл алаңға шыққан соң оны міндетті түрде көресіздер. Десе де, қазақстандық ойыншыларының физикалық әлеуеті жоғары. Шебер ойыншылар да бар. Әдемі голдар соға алады.

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ. Түріктер үшін Еуро-2016 мәселесі бүгін шешілуі мүмкін

Ал, Түркия ұлттық құрамасына келсек, ойыншылардың дені жастар. Бұл құрам болашақта үлкен нәтижеге қол жеткізеді деп сенем, – деді Фатих Терим.   

Айта кетейік, Еуро-2016 біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Түркия арасында өтетін матчқа 17 мың билет сатылды. Бұл 12 маусымға дейін сатылған билеттер саны.

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ. Түріктер үшін Еуро-2016 мәселесі бүгін шешілуі мүмкін

Түркиямен өтетін кездесуде ұлттық құраманың қақпасын Стас Покатилов қорғайтынын Юрий Красножан әуелде ақ айтқан болатын. Стас Покатилов ұлттық құрамада ойнаған матчтарында әлі бірде-бір гол жіберген жоқ. Қорғаныста  Юрий Логвиненко, Ренат Абдулин, Сергей Малый, сол қанатта – Дмитрий Шомко, оң қанатта – Марк Гурман ойнауы мүмкін. Самат Сымақов пен Асхат Тағыберген тіреуші жартылай қорғаушы міндетін атқаруы ғажап емес. Ойыды ұйымдастыратын, барлық шабуылды өзі бастайтын Бауыржан Исламханның да алаңға шығатыны анық. Бауыржан Исламхан сол қанатпен, Азат Нұрғалиев оң қанатпен шабуылдап, орталық шабуылшы міндетін Сергей Хижниченко атқарады деген болжам бар.

Ұлттық құрама бұған дейін Түркиямен бес рет кездескен. Бес ойында да қазақстандықтар өкінішке қарай жеңіліс тапты.


Әзірлеген: Досжан Мейірім. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға