baq.kz

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті жабылды

06.10.2022 13:07

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті бір тәулікке жабылды, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«6 қазан сағат 9.00-ден 7 қазан 9.00-ге дейін «Узтрансгаз» АҚ газды гидравликалық сынақтан өткізуге байланысты «Қазығұрт» (Қазақстан) және оған жақын орналасқан С.Наджимов (Өзбекстан) өткізу пункті азаматтар мен көліктердің өтуі үшін жабылады», - делінген хабарламада.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өзге өткізу бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.