Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан достығы мәңгі

Қазақстан мен Өзбекстан достығы мәңгі
19.04.2018 01:26 2496

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияланды. Осыған орай «Қоғамдық келісім» сарайында Ақмола облысы Мәдениет басқармасының Көкшетау қаласы тарихының музейі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырған салтанатты іс-шара болып өтті.

Сахнада Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығының өкілдері бірнеше салтты жарқын етіп таныстырды. Ғасырлар қойнауына тамыр жіберген сол жоралғылардан өзбек халқыңа тән қасиет көрініс тапты. Әр жанұяда үйлену тойы сияқты қуанышты сәттер ерекше әсем көптеген салт түрімен ілесіп отырады. Соның бірі – «келин-салом». Бұл дәстүр жігіт жақтың туысқандарына отбасының жаңа мүшесі келіннің үйлену тойынан кейінгі күні сәлем салуын білдіреді.

Сондай-ақ өзбек ұлттық мәдени орталығының төрайымы Тажибуви Медетова жиналғандарды ұлттық ас үйінің тағамдарымен таныстырып өтті.   

Чуваш этномәдени орталығының төрайымы, Қазақстан Республикасы Аспазшылар қауымдастығының президенті Елена Мащинская Өзбекстанға барған сапарын, онда салмағы қырық тоннадан асатын әлемдегі ең үлкен палауды әзірлеуге қатысқанын қызықты әңгімеледі.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі халықтың шынайы бауырластығын танытады. Бұл байланыс тамырының тереңдігімен, ортақ тарихымен және бабаларымыздың бай рухани мұраларымен нығайып отыр» деген сөзі оның негізгі желісіне айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға