Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелі пайда болуы мүмкін
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
15.09.2022 05:42
1700
Бұл туралы ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
Ол қытай басшысының республикамызға жасаған сапарының тарихи маңыздылығына баға берді
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің транзиттік-көліктік бағыттарын одан әрі әртараптандыруға және интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізуге, оның ішінде Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделілігін білдірді.
Сондай-ақ екі елдің аумағында мәдени орталықтар ашу мәселесі талқыланды. Елші оның екіжақты достықты нығайту үшін гуманитарлық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.
Ол қытай басшысының республикамызға жасаған сапарының тарихи маңыздылығына баға берді
"Бұл - ҚХР төрағасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары. Бұл - ҚКП-ның XX-шы Бүкілқытайлық съезі және ҚР-дағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында өткен сапар. Алдағы сапарға да айырықша назар аударылып отыр. Кездесуде елдер арасындағы 30 жылдық қарым-қатынастың қорытындысы шығарылып, жаңа кезеңдегі даму бағыттары айқындалды", - Шахрат Нұрышев.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің транзиттік-көліктік бағыттарын одан әрі әртараптандыруға және интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізуге, оның ішінде Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделілігін білдірді.
"Атап айтқанда, біз Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу мәселесін белсенді талқылаудамыз. Біз оны Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің жылдам қозғалысына ықпал етеді деп санаймыз", - деді ол.
Сондай-ақ екі елдің аумағында мәдени орталықтар ашу мәселесі талқыланды. Елші оның екіжақты достықты нығайту үшін гуманитарлық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бизнес-идеяларға өтеусіз грант бөлінеді
Келесі жаңалық
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады