Жаңалықтар

Қазақстан мен ДДҰ арасында ынтымақтастық одан әрі нығаяды

Тараптар қызметі Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған 2022-2023 жылдарға арналған екі жылдық келісімді іске асыруды талқылады
Қазақстан мен ДДҰ арасында ынтымақтастық одан әрі нығаяды
Фото: gov.kz 21.09.2022 17:04 1403

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клугемен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар қызметі Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған 2022-2023 жылдарға арналған екі жылдық келісімді іске асыруды талқылады. 

" Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған алдағы екі жылдағы бірлескен қызметіміздің негізін қалаған 2022-2023 жылдарға арналған Екіжылдық келісімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өткім келеді. 

Біз ДДСҰ-ға қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуде техникалық, консультациялық және әдіснамалық көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз", - деді кездесу барысында Ажар Ғиният.

Келісімді іске асыру шеңберінде 2022-2023 жылдары ДДСҰ Қазақстан Республикасына кедейшілік қаупінсіз сапалы көмекке жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар кезінде тиімді қорғауды қамтамасыз етуге және қоғамдық денсаулық сақтау іс-әрекеттері мен ақылға қонымды мемлекеттік саясат әл-ауқат экономикасы негізінде өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін салауатты қоғамды дамытуға қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ басшысы мен ДДСҰ-ның ЕӨБ директоры 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың қыркүйегі аралығында Қазақстанның ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетіне төрағалық етуіне қатысты өз пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында тараптар денсаулық сақтау саласындағы әріптестік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әріптестіктің жарқын мысалы ретінде, ДДСҰ-ның қолдауымен 2023 жылғы қазанда Қазақстанда өтетін ДДСҰ-ның Еуропалық бюросының 73-ші комитетін атауға болады.

Бұдан әрі министр ДДСҰ-ның делегациясын Астана Медицина Университетінің студенттерін арнау рәсімін, Ұлттық фтизиопульмонология орталығының құрылғанына 90 жыл толуына арналған мерейтойлық конференцияны, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерімен кездесуді қоса алғанда, алдағы іс-шараларға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, ЕӨБ-ның директоры өз сапарының барысында ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловпен, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары О. Перепечинамен және ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Б. Кесебаевамен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, Түркістанда өтетін ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXV-ші отырысына Х.Клуге-нің қатысуы күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға