Жаңалықтар

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті
09.09.2019 10:34 2394

5-қыркүйекте  Қазақстан халқы тілдері күнінде Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерін марапаттап, Алғыс хаттар табыс етті.

Іс-шараға қатысушыларды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Б. Снабаева құттықтады.

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

Аймақтық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың қатары жыл санап артып келеді. Олар қазақ тілінде еркін сөйлеп, халқымыздың мәдениеті мен өнеріне, еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етуде.

Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – қазақ тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

Ал Павлодарда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында XXV республикалық фестиваль шеңберінде облыстық Тілдер фестивалі өтті.

Іс-шарада Павлодар облысы, Ақсу қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Сондай-ақ, «Ана тілі» орталығының жетекшісі Шолпан Кинжикова Ana Tili және Kahoot  атты екі мобильді қосымшаны көпшілік назарына ұсынды.

Презентация барысында қатысушылар қосымшаларды жүктеп, тапсырмаларға қатысты. Ең белсенділер сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

Ал Таразда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыстағы белсенді жастар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты жастар форумы өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес форум барысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мен маңыздылығын, латын әліпбиіне көшудің тиімділігін жастар арасында кеңінен насихаттау мәселелері қарастырылды.

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

Жиын барысында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Бақтияр Бекназаров «Мемлекеттік тіл – тірегім», Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Меруерт Қадырбекова «Латын қарпіне көшу – болашаққа бастар бағыт» тақырыбында кеңкөлемді баяндама жасады.

Шара соңында аймақтағы тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы белсенділіктері үшін бірнеше тіл жанашыры марапатталып, көрермендер назарына Жамбыл облыстық филармониясы әншілерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

6 қыркүйекте Петропавл қаласының Мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдерінің XXI облыстық фестивалі өтті.

Көрермендер назарына облыс аудандары мен Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған тұрмыстық заттар, үй жабдықтары мен ұлттық киімдер қойылған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды.

Қазақстан халқы тілдері күні аймақтарда форумдар мен фестивальдармен аталып өтті

Іс-шара аясында ұйымдастырушылар фестиваль қатысушыларына «Латын графикасында жазамыз» акциясын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға