Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды келе жатқан 2019 жылмен құттықтайды

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды келе жатқан 2019 жылмен құттықтайды
29.12.2018 11:33 2337

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді әр отбасы үшін қуанышты, ғажайып мерекемен – келе жатқан 2019 жылмен құттықтайды.  

Жаңа жыл – ерекше мереке. Ол әрбір адамның жүрегіне жаңа жылда бақыт пен табысқа, жаңа бастамалар мен жетістіктерге жетем деген үміт ұялатады.  

Өткен жыл Қазақстан халқының әлеуметтік бірлігін нығайтудағы маңызды кезең болды, Ұлы дала тарихының жаңа қырлары жарқырай танылды, біз бәріміз бірлесіп, рухани жаңғыру жолында тағы бір елеулі қадам жасадық. 

Келе жатқан Жаңа жыл Қазақстан жастарына – ерік-жігері мықты әрі жауапты адамдар буынына арналады.  Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың айқын басымдықтарына айналып, әлеуметтік лифтілердің ауқымды тұғыры жасалуда.

Біздің ортақ міндетіміз – елде болып жатқан жаңғырту процестеріне тікелей атсалысу, қазақстандық құндылықтарға – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке құрметпен қарау үлгісін көрсету. Олар әрқашан біздің ортақ жетістіктеріміз бен табыстарымыздың кепілі болып келді, бұдан әрі де солай болады.   

Ардақты ағайын!

 Жаңа 2019 жылдың қандай болары біздің өзімізге байланысты.

Сондықтан да Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге деген сенім, мықты денсаулық, қажымас қайрат, тың бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.  

Жаңа жылда үкілеген үміттеріңіз ақталып, жағымды жаңалықтар көп болсын!

Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі құтты жыл болсын! 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға