Қазақстан кәрістері Ақтауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі бірлесе 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» атты іс-шарасын өткізді.
Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері мен Маңғыстау облысы ҚХА мүшелері және еліміздің әр қаласынан жиналған «Қазақстан кәрістер Қауымдастығы» мүшелері жас ұрпақ білуі тиіс есімі ел есінде сақталған қайраткерлердің бірі, қарапайым жұмысшыдан мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтерілген тұлға – Жалау Мыңбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, Достық үйінде «Наследие Великой степи» және «Корейские мотивы» атты көрмелері өтті. Оған өнер студияларының көрнекті картиналары қойылды.
«Қазақтану» жобасы аясында қазақтың салт-дәстүрінің бірі «Тұсаукесер» ұйымдастырылып, құрметті қонақ – «Қазақстан кәрістер Қауымдастығы» төрағасы Сергей Огай бір жасқа толған қазақ баласының тұсауын кесіп, тәй-тәй басқан бүлдіршінге ақ батасын берді.