Жаңалықтар

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты
13.08.2019 10:14 3453

Қостанай облысының делегациясы Челябі облысында өткен «Туған жер» атты VI аймақтық  мерекеде Қазақстанның  атынан өнер көрсетті.

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

Верхнеуральск қаласында өткен фестивальға үйін өздерімен бірге қазақ халқының киіз алып барған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық Үйінің өкілдері жергілікті тұрғындарды және мереке қонақтарын ұлттық  дәстүрлермен таныстырды.

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

«Біздің басты мақсатымыз – атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық мұраларымызды, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттап, қазақ халқының болмысын таныту. Біз ұлттық нақыштағы әсем бұйымдарды қолдана отырып, керемет көрме ұйымдастырып, отандастарымызға туған жердің ыстық сәлемін жеткіздік», - дейді облыстық Достық үйінің басшысы Қаламқас Сандыбаева.

 Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

Іс-шараға Челябі, Қорған және Свердлов облыстарында тұратын қазақтар жиналып, Башқұртстаннан және Мәскеуден де қонақтар келген. Фестиваль аясында ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, көрмелер мен қызықты байқаулар өткізілді. Іс-шара қатысушылары «Ең жақсы аула», «Ең әдемі киіз үй», «Үздік шебер» және «Өнерлі әже» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

Қостанай делегациясының өкілдері қонақтарға бесбармаққа арналған жайманың жайылу әдісін көрсетіп, қазақ халқының шай дастарқанының ерекшеліктерімен таныстырды, қара қазанда дайындалған бауырсақ үлестіріп, үлкен жез самаурыннан шай ұсынды.

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

«Жастардың ата-бабадан жалғасып келе жатқан дәстүрлерге деген қызығушылығы көңіл қуантады, ал мұндай іс-шаралар олардың ұлттық танымын арттыруға септігін тигізеді. Біз осы іс-шараға қатысуға шақырту алғанымызға өте қуаныштымыз, себебі мұндай кездесулер мемлекетаралық достықты нығайтуға ықпал етеді», - дейді облыстық Достық үйіндегі бөлім басшысы Алтын Өтегенова.

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

Қостанайлықтар дүйім жұртшылықты әсем киіз үйімен ғана емес, өнерлерімен де таң қалдырды. Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Айжан Санай фестивальдің ашылу салтанатында қос ішекті домбырамен бірнеше туынды орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды сапарды ұйымдастырушылар.

Қазақстан делегациясы Челябі облысында өткен VI аймақтық мерекеге қатысты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға