Жаңалықтар

Қазақ тілі – түркі тілінің бір тарауы

Қазақ тілі – түркі тілінің бір тарауы
27.08.2014 11:36 7980

Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3) Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен, қытай һәм иапон тілдері.  Жалғамалы тіл – сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып өзгерілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы. Қазақ сөзінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгер- теді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау деп аталады. «Құлақ» деген сөзге «-тың» деген жалғау қоссақ «құлақтың» болады. Тұлғасы өзгерді, мағынасы өзгерген жоқ. «Құлақтың» дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егерде «құлақ» деген сөзге «-шын» деген жалғау қоссақ «құлақшын» болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгерді. «Құлақ» бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң, басқа киетін киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан «-тың» тысқарғы, «-шын» ішкергі жалғау болады.

Екі түрлі жалғаудың тысқарғысы – сөйлегенде, жазғанда сөздерді біріне-бірін қиындастырып тізу үшін қажет, ішкерігісі

– бір мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып, сөзден сөз туғызып, көбейтіп тілді байыту үшін қажет. Ішкергі жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық «Тіл – құралда» сөз тұлғасын сөйлеген орындарда көрсетілді. Тысқарғы жалғау туралы екінші жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы. Сөзді дұрыс тізіп сөйлеу, әсіресе дұрыс тізіп жазу туралы үшінші жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы.

«Тіл – құралда» дағдыландыру, сынау деген сөздер ұшырай- ды. «Тіл – құралымен» балаларды оқытқанда һәр қағида я ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем, сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида я ережеге келетін жерлерін балаларға таптыртып, басқалардан айыртып үйрету. Солай бірнеше ірет істеп көрсеткеннен кейін балалар керек сөздерді өздері тауып, өздері айыруға дағдыланады. Сонан соң балалар дағдыланып, үйреніп болды ғой дегенде, нық біліп болған-болмағанын байқау керек, сынау керек. Сынағанда үйренген қағида я ережелерді орнына келтіріп жаза ала ма? Жаза алмай ма? Соны сына, сондықтан мұғалім балалардың үйренген қағидасы, ережесі келетін сөздерді, ауыздан жаздыру тиіс. Яки кітапшадағы жорта қате жазып қойған сөздерді дұрыстап жаздыру тиіс. Бір қағида я ережені балалар әбден үйреніп, тиісті орнында жұмсай білгеннен кейін ғана келесі қағида я ережені үйрету. 

"Ел-шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға