Жаңалықтар

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Бейжіңнің бас алаңында ауқымды парад өтті
03.09.2015 06:10 7224

Бүгін Бейжіңнің бас алаңы Тяньаньмэньда Жапониямен соғыстағы қытай халқы Жеңісінің 70 жылдығы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған ауқымды парад өтті.

Қазақстаннан аталмыш әскери шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің құрмет қарауыл ротасы қатысты. Қытайдың бас алаңында 32 қорап сап түзеп, адымдап өтті. Оның ішінде 15-і парадты өткізіп отырған Қытай елінің әскерилері.

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Ерекше дайындалған 76 қазақстандық әскери қызметшілерден тұратын қорап қытай маршының әуенімен Бейжіңнің бас алаңында шетел қораптары арасында жетінші болып өтті.

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Барлығы парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты. Олардың ішінде Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, Куба, Мексика, Сербия, Мысыр және тағы басқалары бар. 

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

«Біз ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы Қытайдағы парадта Қазақстанды көрсету мүмкіндігі берілгенін мақтаныш тұтамыз.  Бұл іс-шарада біз қазақстандық  армияның қуаты мен айбынын көрсетіп, елімізді жоғары деңгейде танытқанымызға сенімдіміз», - деді құрмет қараулы ротасының командирі капитан Мақсат Байжігітов.

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Дайындық уақытында ҚХР халықтық қарулы полициясы Пекин командалық училищесінің аумағында 6 бірлескен жаттықтыру өткізді. Онда шет елдердің әскери қызметшілері орналастырылып, дайындықтан өткенін айта кеткен жөн.

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Қазақ сарбаздары Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты

Құрмет қарауыл ротасына еліміздің Қарулы Күштерін көрсетуге машықтанған 22 мен 28 жас аралығындағы қазақстандық армияның үлгілі әскери қызметшілері іріктеліп алынғанын естеріңізге сала кетейік.


Дайындаған Айша КЕРЕЙ

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға