Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Төртқара руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Төртқара руы
29.12.2015 09:24 24536

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Төртқара руы.

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Төртқара руы

Төртқара руының ұраны – Айыртау.

Төртқара – Кіші жүз Әлімұлының тармағы. 19 ғасырдың аяғында Әлімұлынан тараған ру бірлестігі ретінде айтылады.

Шежіре деректері бойынша Төртқарадан:
• Қараш,
• Оразкелді (Әлімұлы),
• Ораз,
• Жаншүкір аталары шыққан.

Бұл төртеуінен Тоқпан, Аппақ, Қасым, Торым, Бақшақ, Мазы, Келтеқара, Құламан, Құлтас, Ақкиіз, Қаракісі, Сейітқұл, Шобан, Тәлтекем, Қонысбек, Қаракемпір аталары өрбіген. Бұл деректер 16 – 17 ғасырларға жатады. Ал таңбасына, аталарының таралуына қарағанда, белгісіз бір себептермен найманның Матай руымен туыстығы байқалады. Оның қаптағай тармағының бір атасы да Төртқара аталады.
Қазан төңкерісіне дейін Жетісу облысы Қапал мекендеген. Өзге Төртқараның негізгі қыстауы Сырдың төменгі ағысы, жаз Қарақұмнан өтіп, Ырғыз, Өт өзендерінің бойын жайлаған. Енді бір аталары таңбасына қарағанда керей тайпасынан тарайды. Төртқаралар негізінен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Самарқандта (Нұратада),Қарақалпақстанда тұрады. Төртқарадан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би шыққан.



Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға