Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Сунақ руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Сунақ руы
29.12.2015 09:31 17816

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Сунақ руы

Сунақ руының ұраны: Қожахмет.

Сунақ – этникалық топ. Негізінен Сығанақ қаласының ежелгі тұрғындарынан қалыптасқан. Шежіре деректерінде Сунақты Орта жүз бен Кіші жүздің байырғы тайпаларымен, кейбіреулері Қожалармен байланыстырады. Сунақ - Қазақстанның оңтүстігінде көп таралған.

Сунақтардың шығу тегі Һысамиддиннен (Сұнақ-атадан) тарайды. Арғы тегі Абу Бакр Сыддықтан басталады. Сунақ-ата шамасы 1080-1160 жылдардың арасында өмір сүрген. Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болған, әулие, «Нихая» кітабының авторы. Сунақтардың ұраны қожалармен ортақ «Қожа Ахмет Иассауи». Қожалар мен Сунақтар бір топқа жатады. Сунаққорған аймағына алғаш келген ислам миссионарлері «Өздерінің – идеялық ұраны ретінде «Құдай бір, пайғамбар хақ, сунна – ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізген». Осыған байланысты бұл қағиданы таратушы адамды Суннит демей «Сунна – ақ» деген арқылы «сунақ» дей жүріп, халық арасында олар осылай аталып кеткен».

Сунақтардың шығу тегін уақытқа байланысты Әбу Бәкірдің туған жылынан (572 жылдан) санау керек. Арабтардың есебі бойынша бір атаға 30 жыл берсе, кейбір ғалымдар бір ғасырға үш атадан санаған. Сондықтан 1993 жылы ұрпақ 43-47-ші ата болу керек. Сунақ руы бес атадан тұрады: Қайғақтық, Бессары, Аташ, Қалмырза-Тоқпан, Сиық аталар.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға