Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Саржомарт руы

Саржомарт— Орта жүз найман тайпасының құрамындағы рулар бірлестігі.
30.12.2015 03:21 12760

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Саржомарт руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Саржомарт руы

Саржомарт— Орта жүз найман тайпасының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша Саржомарттан бағаналы, балталы, қаратай, көкжарлы және бура ұрпақтары тарайды. Шығыс Қазақстандағы Саржомарт ұрпақтарын таңбасына қарай «ергенекті» найман (H) деп те атайды. Ұраны — Қаптағай.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Суреттің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға