Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Садыр руы

Садыр — Орта жүз найман тайпасынан тараған ру.
30.12.2015 03:25 22352

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Садыр руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Садыр руы

Садыр — Орта жүз найман тайпасынан тараған ру. Шежіре жинаушы Қ. Омарбековтың, Орысбай шежіресін жазып алған Базарқұл Көккөзұлының таратуынша Найманның Білгебай тармағынан: Сүгірші – Құрманай, Төлеқытай – Садыр, Қытайби, Төртуыл. Садырдан – Тоң, одан : Шүйе, Саржетім, Есенқұл, Түгелбай. Қытайбиден: Қаракерей, Матай. Енді бір деректерде бұлардың кенжесі –  Аталық. Бұдан тараған ұрпақ – Қызай. 19 ғ-дың 2-жартысында Лепсі уезінің оңтүстік-батыс шекарасын, Балқаштың оңтүстік жиегінен Жоңғар тауының етегіне дейін Басқан, Лепсі бойын, Керейқұмды, Мысықжол, Басқопа, Үшжол құмын, Талдықары, Қарабөгет аңғарын мекендеген. Орта жүздің өзге тайпаларына қарағанда Найманның әрбір руының таңбасы және ұраны бар.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға