Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Бағаналы руы

Бағаналы – Қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Найман тайпасынан таратылады.
30.12.2015 03:22 14931

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Бағаналы руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Бағаналы руы

Бағаналы – Қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Найман тайпасынан таратылады. Кейбір деректер Бағаналыны дербес рулар бірлестігіне жатқызған. Бағаналыдан — Шегедек, Шегелек, Шүрешек, Шәуешек аталары тарайды. Бағаналы және Балталы рулары көне заманнан іргесін бөлмей келгенін «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырынан да аңғаруға болады. Жоңғар шапқыншылығы заманында Бағаналыдан Тұрсыметбай, Баянбай батырлар шыққан. Бағаналы руы Жезқазған, Қызылорда өңірлерін қоныстанған. Ұраны — Қаптағай, таңбасы — бақан.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Суреттің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға