Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Арғын руы

Арғындар Кіші жүз жерінде де мекен еткен.
30.12.2015 03:26 24556

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Арғын руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Арғын руы

Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қоныстанды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құланөтпес, Терісаққан, Қума өзендерінің аңғары, Қорғалжын, Теңіз көлдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларының бойы; Шығыс Қазақстанда Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Тоқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу, Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасор, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бойы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.

Арғындар Кіші жүз жерінде де мекен еткен, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қойбағар көлдерінің төңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңындағы алқаптар, Торғайға құятын Үлкентамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл төңірегі.

Жалпы алғанда, Арғын тайпасының қоныстанған жерлері осы. Рулардың орналасуы туралы деректерді мұрағат құжаттарынан, әсіресе сыртқы округтер бойынша мәліметтер келтірілетін құжаттардан алынады. Оларда мейлінше толық көріністер беріледі.

Арғын тайпасы руларының орналасуын Шығыс Қазақстаннан бастап, содан әрі жылжимыз. Топонимика елеулі өзгерістерге ұшырағанын көруге болады. Кейде қазіргі карталардан рулардың XIX ғасыр мен XX ғасырлардағы орналасқан жерлерін анықтау қиын, өйткені өлкенің отарлануына байланысты төңкеріске дейінгі әр түрлі деректемелерде көрсетілген атаулардың орнына, кейін орысша атаулар берілген. Бұл мәліметтерді неғұрлым кейінгі мәліметтермен салыстыруға тырысамыз және оқырмандарға түсінікті болуы үшін тым болмағанда оқырмандар біле бермейтін жерлердің шамамен алынған географиялық координаттарын немесе орналасқан жерлерін белгілі пункттерге, өзендерге, көлдерге, тауларға т. б. байланыстыра көрсетеміз. Жоңғарлар қуып шығарылғаннаан кейін қазақ руларының шығыстағы қоныстарына қайтып оралуы үш бағытта: Орта Азия жағынан Шу өңірі арқылы Сарыарқа даласы, Түркістаннан Ерейментау жәие Оңтүстік Сібірден (Ертіс, Ом өзендерінен) Ертіс алқабы бағытында жүрді. Аңыздарға қарағанда, Сарыарқа даласына (Есіл, Нұра, Түндік өзендері бойына) алғаш келгендердің бірі Қанжығалы руының қауымдары болған. Осы рудың билері Абыз беп Шомақ бос қоныстарға өз тайпаластарын шақыра бастайды.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Суреттің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға