Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Адай руы

Адай руы – Кіші жүздегі саны көп рулардың бірі. С. А. Аманжолов адайлар Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б. з. б. II ғасырда Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан.
29.12.2015 11:51 22946

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Адай руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Адай руы

Ұраны: Бекет

XIX ғасырдың орта шеніндегі есеп бойынша Адайлар кырық мың түтін үй болған. Адай Құдайке мен Келімберді деген екі атадан тарайды. Адай бабамыз тарихта бар адам, өзі хандық құрған.

Адай руы – Кіші жүздегі саны көп рулардың бірі. С. А. Аманжолов адайлар Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б. з. б. II ғасырда Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан.

Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа да әбден ықтимал.

Адай елі: ежелден Каспий теңізінің шығысынан, Арал теңізінің батыс, оңтүстігіне дейін, Мұғалжар тауынан (Ақтөбе облысы), солтүстік Балқанға(Түркменстан) дейін, Ойыл өзені мен Мойнақ шөлі (Қарақалпақстанның батысы: Кунград, Мойнақ) жерлерінде өмір сүрген халық. Сондықтан Адай елі өздерінің қазіргі: Жылыой, Қызылқоға, Балықшы, Мақат, Ойыл, Темір, Байғанин аудандарының түпкілікті тұрғыны болып өмір сүріп келеді. Қазақстан шекарасын айқындалып, құжатқа түсер кезеңдер де қазақтың оңтүстің аймақтары Өзбекстанның, батысы (Маңғыстаудың шығысы) Қарақалпақстан иелігінде қалып қойды. Қазіргі таңда да сол Адай жерлерінде яғни Мойнақ, Кунград аудандарын да адайлар тұрып жатыр. Сол сияқты Ресей Федерациясында Ноғай-Адай жерлері: "Астырхын (Астрахань), Самар (Самарская), Сармат (Саратов), Еділді (Волгоградская), Таңбалы (Тамбов)" облысытары қалып қойған болатын. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары. Ақтөбе, Орал облыстарында да Адайлар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстарында Адайлардың саны аздау, дегенмен де Оңтүстік Қазақстанның Адайлары сол жердің байырғы тұрғындары боп саналады.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Дизайнер: Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға