Жаңалықтар

Қазақ хандығына арналған саябақ ашылады

Жақында Тараз қаласында саябақ ашылады.
25.08.2015 08:13 5049

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу бойынша шаралар 9 қазанда өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі хабарлаған болатын. Жамбыл облысы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға белсенді түрде дайындалып жатыр. Жақында Тараз қаласында саябақ ашылады.

Қазақ хандығына арналған саябақ ашылады

«Қазақ хандығының мерейтойы барлық Қазақстан үшін маңызды оқиға, – деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. – Салтанатты шаралар 11 қыркүйекте Астанада басталады. Негізгі шаралар бізде 9 қазанда 550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей хандар қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған жер - Шу өзені маңында өтеді. Көптеген қонақтар келеді деп күтудеміз, бүгіннің өзінде олардың саны  мың адамнан асты».

Негізгі шаралардың бірі Таразға батыс жақтан кірер жолда 30 метрлік «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің ашылуы болмақ. 

 «Көне Тараз» саябағы облыстағы халықаралық туристік брендке айналады деп күтілуде.  Қазақстан алғаш рет ішкі, аймақтық және халықаралық туризмді дамыту үшін аргеологиялық нысанға ие болады.  ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесінің қонақтары келеді деп күтілуде.

Мерейтой шаралары аясында 9 қазанда «Тараз - Арена» спорт сарайында ҚР Президентінің сыйлығы үшін қазақ күресінен «Еуразия барысы» жарысы өтеді.   «Мәңгілік Ел» республикалық айтысы Қазақстанның мықты суырып салма ақындарын жияды.  

Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық шаралары өтеді. Сонымен қатар қытайлық Сиань қаласынан шығып, Ұлы Жібек Жолы бағытымен жүрген керуен экспедициясының мүшелерімен кездесу өтеді. 

Қазақ хандығының 550жылдығын мерекелеу биыл елдің барлық өңірінде өтеді. 550  жыл бұрын Талас пен Шу өзенінің арасында Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрған Жамбыл облысында үлкен іс-шара өтеді. Олардың ішінде «Мәңгілік ел» ақындар айтысы, «Қазақ хандығының құрылуы және тарихы» кітабының тұсаукесері,   «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесі, «Еуразия барысы» қазақша күрес бойынша ҚР Президентінің жүлдесіне халықаралық турнир өтеді. Таразда «Ежелгі Тараз» жобасы жүзеге асырып, Қазақ хандығының 550 жылдығына монумент ашылады. Қытайлық Сиань қаласынан бастау алған Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша экспедиция керуенінің қатысушыларымен кездесу ұйымдастырылады.

Облыс орталығын мерекелік салтанаттарға қарсы абаттандыруға Қазақстанның барлық аймақтары атсалысуда, Таразда әрбір облыс үшін учаскелер белгіленген.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға