Жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбекова біліміне 30 млн теңге жұмсағанын айтты. Қазір өзі коуч

Айжұлдыз Адайбекова біліміне 30 млн теңге жұмсағанын айтты. Қазір өзі коуч
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova 30.11.2023 17:16 1329

Әнші Жанар Айжанованың қызы, бүгінде өзін әнші әрі актриса ретінде танытып үлгерген Айжұлдыз Адайбекова қашан да өз-өзін дамытуға тырысатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айжұлдыз бренд киімдерден гөрі білімге ақша жұмсағанды құп көреді екен. Соның арқасында кочу ретінде де, дизайнер ретінде де пайда табатынын алға тартты.

Мен өте көп оқимын, ізденемін. Соңғы рет біліміме 30 млн теңге жұмсадым. Біреуге бренд сөмкелер, қымбат киімдер керек шығар. Бірақ мен үшін ол түк емес. Маған үстімдегі киімнің бренд болуы маңызды емес. Маған бәрібір. Адам ізденуден шаршамауы керек, талпыну керек. Бұл өте маңызды. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды. Өзің сапалы білім алған сайын, ортаң да сондай болады. Сондай ортамен анағұрлым тез өсесің. Мұндай адамдар үшін атақ, байлық – бәрі екінші орында. Ол өзі-ақ келеді. Бұл өмір қиын емес. Шектеумен қиындататын өзіміз. Мен коуч ретінде курстар сатамын. Дизайнерлік бойынша да курстар жүргізіп, жақсы ақша таптым. Жалпы ойымдағы заттарды үндемей жасап жүрген адаммын ғой, - деді Жанар Айжанованың қызы.

Бұған дейін туған күнін дүркіретіп атап өтіп, ол үшін 10 мың доллар жұмсағанын алға тартып еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға