Айзада Байсарина: Постерімдегі «V» белгісі үлкен мағына береді!
2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Бұл байқау «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асады. Байқауға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Өтініштер 17 наурыздан басталып, 15 сәуірге дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.

«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты байқау жарияланған сәттен бастап әртүрлі жұмыстар келіп түсіп жатыр. Небәрі үш күн ішінде 50-ге жуық постерлер келіп түсті. Ал, олардың ішінде байқау талаптарына сай 38 жұмыс мақұлданып, қазір сайтымызда жарияланып отыр. Байқау келер айдың 15 сәуіріне дейін жалғасатынын ескеретін болсақ, алдағы уақытта қазылар алқасын қыруар жұмыс күтіп отыр.
Бұдан былай байқауға қатысқан үміткерлермен аз-кем сұхбаттасып отыруды жөн санап отырмыз. Мәселен, байқау жарияланған күні алғаш боп жұмысын жіберген қарағандылық студент Айзада Байсарина өзінің жұмысы туралы былай дейді:

Әзірлеген: Жандос Смайлов.

