Жаңалықтар

Қайырымдылық Жаңажылдық ертеңгілік

Қайырымдылық Жаңажылдық ертеңгілік
05.01.2018 11:45 2121

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының  қолдауымен «Гранд рояль» ойын-сауық орталығында  К.Сарымолдаев атындағы № 1балалар үйінің бүлдіршіндеріне және тұрмысы төмен отбасының балаларына арналған Жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының барлығы 135 бүлдіршіні қатысып, оларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

М. Давришевтің айтуынша: «Жаңа жыл – балалардың асыға күтетін сүйікті мейрамдарының бірі. Біз балаларға ертегідей көңіл-күй сыйлағанымызға куаныштымыз. Олар Аяз атаға сеніп, одан түрлі сыйлықтарды алуды армандап, күтеді. Ал біз сол армандарының орындалуына көмектесуіміз керек. Біз жас бүлдіршіндерді ұлтына, отбасы жағдайына, денсаулығына қарамастан көмек көрсетуіміз керек. Әсіресе, ата-анасынан айырылған жетім балаларға көп көңіл бөліп, мейіріммен қарауымыз керек. Түрлі себептерге байланысты ата-анасынан жетім қалған балалар – ол біздің де баламыз. Біз үшін олардың күліп-ойнағандары өте маңызды, әрі қымбат. Біз оларға әрдайым қол ұшын беріп, көмек көрсетуге дайынбыз, әрі міндеттіміз. Бүгінгі ертеңгілік дәл осы мақсатпен ұйымдастырылып отыр».

М.Давришевтің Жамбыл облысындағы жанашыр меценаттардың бірі екенін айта кетуіміз керек. Ол облысымыздың барлық қайырымдылық акцияларына белсенді түрде қатысады. Қараша айында өткен  «ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН–2017» қайырымдылық акциясында меценат науқас балаларға 200 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен болатын.    

Аталған іс-шарада балаларға арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, Ақшақар және мультфильм кейіпкерлерімен түрлі ойындар ойнатылды. Балалар Жаңа жылдық әуенге би билеп, уақыттарын көңілді өткізді. Балалар үшін бұл ертегідей кеш болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға