Жаңалықтар

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Астанадағы қайырымдылық қорларының тізімі
19.10.2016 06:17 12285

Бұл материалда Астана қаласындағы қайырымдылық жасаумен айналысатын ұйымдар туралы айтылады.

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

«Дара» қайырымдылық қоры

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

«Дара» қайырымдылық қоры балалар үйі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттары мен балаларды емдеу орталықтарына көмектесуді көздейді. Сіз«Дарада» ерікті ретінде көмектесе аласыз, сондай-ақ, қаржылық жағынан да қолдау  көрсетуге болады. Ақшаны онлайн түрде аударып немесе ірі сауда орталықтарында («Керуен», «Ханшатыр», «Мега», «Сарыарқа», «Еуразия») тұрған қораптарға сала аласыз.  Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге тәлімгер болам деушілердің арнайы дайындық курсында сабақ алуға мүмкіндігі бар.

Мекен-жайы: Ғабдуллин көшесі, 4/1, 23-пәтер

Анықтама телефондары: +7 7172 75 52 63, +7 701 932 02 82

Сайт: http://dara.kz/

«Аяла» қайырымдылық қоры

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Қордың негізгі орталығы Алматыда орналасқан. Ал, қайырымдылық шаралары Қазақстанның барлық жерінде ұйымдастырылады. Қор жинаған қаржы балалар ауруханасын медициналық жабдықтармен қамтуға, балалар үйіндегі шығармашылық шеберханаларға және тағы басқа жерлерге жөнелтіледі.

Қажетті реквизиттер қордың сайтында көрсетілген.

Анықтама телефондары: +7 727 327 60 43, +7 727 356 17 38

Сайт: http://www.ayala.kz/

«Дар» қоғамдық қоры

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Бұл қор еріктілердің көмегімен түрлі концерттер, табиғат аясындағы демалыстар мен акциялар ұйымдастырады. «Дар» жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, көпбалалы үйдің балалары, мүмкіндігі шектеулі және аурушаң балақайларға көмектеседі. Еріктілер бұл жерге қажетті жабдықтар әкеліп, кеңес беру, ұсыныс айту, қызмет көрсету жағынан да көмек бере алады.

Мекен-жайы: Жеңіс даңғылы, 79/А, 20-кеңсе

Анықтама телефондары: +7 7172 52 29 62, +7 7172 52 29 47, +7 771 046 66 96, +7 701 136 98 96

Сайт: http://ofdar.kz/

«Қасиетті жол» қайырымдылық қоры

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Бұл қордың қазірге дейін жеткен ең басты жетістігі – Астанада сал ауруына шалдыққан оңалту орталығының ашылуы. Егер, сіз дәл осы қорға қаржы аударсаңыз, ол сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндердің еміне, дәрігерлерге арналған шеберлік сағаттарын өткізуге жұмсалады. Қор демеушілермен бірігіп акциялар өткізеді. Акцияға бір құшақ гүл немесе бір қорап макарон әкелсеңіз де, сіз үлкен үлес қосасыз. Барлық реквизиттер мына жерде көрсетілген.  

Мекен-жайы: Қорғалжын тас жолы, 8, 233-кабинет

Анықтама телефондары: +7 7172 70 28 68, +7 701 777 80 52

Сайт: http://kzhol.kz/

Қызыл жарты ай қоғамы

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Бұл ұйым балалар үйінің тәрбиеленушілері, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларымен жұмыс істейді.

Еріктілер математика, ағылшын тілі және т.б. пәндерден сабақ өткізіп, түлектерді жоғары оқу орнына түсуге дайындайды. Сондай-ақ, ардагерлер үйі мен балалар үйінде концерт ұйымдастырады.

Өткен жылы Қызыл жарты ай қоғамында науқасқа алғашқы көмек көрсету бойынша курс өткізілді. Егер, сіз балаларға көмектескіңіз келсе, жексенбі күні сабақ бере аласыз, концерттер ұйымдастыра аласыз.

Мекен-жайы: Республика даңғылы, 5/1 (заманауи өнер музейінің артында)

Анықтама телефоны: +7 7172 43 97 98

Толық ақпарат  – мына жерде

«Город добрых сердец» қоғамдық қайырымдылық қоры

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Бұл қордың көптеген басқа қорлардан айырмашылығы – көмекке ақша жинамайтындығында. Қор еріктілерге арнап тренингтер мен тимбилдингтер ұйымдастырады. Ал, еріктілер 2030 жылға дейін жоспарланған ұзақ мерзімді жобалармен айналысады. Мысалы, «Рисуем добро» (балалармен бірге сурет салу), «Біз біргеміз» (көмекке зәру адамдарға азық-түлік пен киім-кешек апару) жобалары. «Балапандар» деп аталатын негізгі жоба болашақта балалар үйін жабуға бағытталған. Яғни, осы проблеманы жастарды тәрбиелеу арқылы жоюды көздейді.

Анықтама телефоны: +7 701 100 80 97

Instagram: @gorod_dobryh_serdec

«Best for Kids» қоғамдық қоры

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Қор 4 балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімділігін арттыруды көздейді. Қор мүшелері балалар үйінің түлектеріне көмектеседі, қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізеді.

Анықтама телефоны: +7 705 100 98 94

Сайт: http://www.bestforkids.kz/

Астаналық мейірбан жандардың клубы

Қайырымдылық жасаймын десеңіз

Клуб қаржыны жайдан-жай жинамайды. Мысалы, халыққа белгілі визажистердің қызметін ұсынып, содан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсайды. Бұдан бөлек, клубтың «инстаграмдағы» парақшасында адамдар бір-біріне жәрдем береді. Мысалы, біреу құжатын жоғалтса, біреудің сәбиіне бала күтуші қажет болса, тағы бір кісі киімге мұқтаж болса, басқалар қол ұшын созады. Сондықтан, мейірбан жандардың қатарына қосылғыңыз келсе, клубтың «инстаграмдағы» парақшасына жазылудың өзі жеткілікті.

Instagram: @club_dobryakov_astany

Дереккөз  – мына жерде

Көрнекі сурет imperialart.ru сайтынан алынды


Әзірлеген – Жансая ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға