Жаңалықтар

Қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың өнер туындылары сатылды

Қайырымдылық
18.05.2016 05:09 6942

Алматыда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлау аясында «Гүлдене бер, туған жерім Қазақстан!» атты көрменің жабылу салтанаты өтті.

Алматы шаһарындағы ҚҚ «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» жобасына кіретін  – «Мирас» балабақшасы, Алматы халықаралық мектебі, «Мирас» халықаралық мектебі және «Арыстан» мамандандырылған лицейі оқушыларының картиналарын сату қайырымдылық көрмесі өтті. Көрмеге 2-ші сынып пен 11-ші сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың өнер туындылары сатылды 

Көрмеге ұзын саны 35 жұмыс қойылды. Жас өнерпаздардың қолынан шыққан жұмыстардың арасында портреттер, пейзаждар, натюрморттар бар. Картиналардың құны 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін бағаланды.

 Қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың өнер туындылары сатылды

Балалардың қиялынан туған шығармашылық жұмыстарын алматылықтар мамырдың 11-і мен 15-і аралығында MEGA 2 сауда-ойын-сауық орталығында тамашалауға мүмкіндік алды. Қорытындылау күнінде Алматы халықаралық мектебі гүл жабыстыру бойынша шеберлік сабағын, және «Арыстан» мамандандырылған лицейі оқушыларының әзірлеуімен кішігірім концерт болып өтті.

Көрмеден түскен барлық қаражат Қарағанды облысының Сарань қаласында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №5 мектеп-интернатының өнер студиясын жабдықтауға арналған «Аяла» қорының «АРТ-ТЕРАПИЯ» жобасына жұмсалады.

Қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың өнер туындылары сатылды 

Қазіргі уақытта мектепте зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі 5 пен 18 жас аралығында 181 бала білім алуда. Интернат тәрбиеленушілері үшін алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауға еш мүмкіндіктері жоқ. Оларға  арнайы жабдықталған оқу сыныптары мен шығармашылық шеберханалар керек. Интернат өнер студиясын ашуды төртінші тоқсанның басына жоспарлап қойған. Осы өткізілген қайырымдылық көрменің арқасында сынып мольберт, сурет салуға арналған кенеп, акварельге арналған қағаз, сызуға арналған папка, щетка, қарындаш, дайын жұмыстарға арналған түссіз лак, интерактивті тақта және тағы басқа заттармен жабдықталатын болады. Жобаның жалпы құны 388 190 теңгені құрайды.

Жиналған қаражатты табыстау барысында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің басшысы С. Тауланов:  «ҚҚ «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» оқу орындарында оқушылардың шығармашылық дамуына, яғни бейнелеу өнері, ән, би, көркем шеберлігі, спорт, сондай-ақ үйлесімді дамуына ерекше мән беріледі. Осындай шараларға белсенді қатысып балалардың бойында қайырымдылық мәдениетін ұялатуға тырысамыз. Қоғам игілігі үшін балаларымыздың таланттарының кішігірім бөлігін қуана-қуана көрсетуге дайынбыз.» - деді.

Қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың өнер туындылары сатылды 

Қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың өнер туындылары сатылды

«Біздің қордың миссиясы – қайырымдылық дәстүрлерін құру. Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қорының оқушылары өз шығармашылықтарын ұсыну арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын созды. Бүлдіршіндер келешекте де жақсылық жасаудан бас тартпайды деп сенемін,– дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдана Сүлейменова.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға