Жаңалықтар

Қайырбековтің фильмі бас жүлдеге ие болды

Қазақ киносы
22.08.2016 12:17 2983

Жуырда «Мәңгілік аспан астында» атты қазақстандық фильм Қытайда өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды.

Қайырбековтің фильмі бас жүлдеге ие болды

Байқауға қатысқан 78 фильмнің арасында қазақстандық фильм «Инновациялық жобасы үшін» аталымында үздік атанып, ҚХР Мәдениет министрінің арнайы сыйлығына ие болды.

 Ғылыми-танымдық туындыны режиссер Бақыт Қайырбеков 2015 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырысымен қолға алған болатын. Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабының желісі бойынша түсірілген.

Қайырбековтің фильмі бас жүлдеге ие болды

«Бұл фильм өзінің әділ бағасын алды. Мұнда қазақ халқының өмірі мен мәдениеті басқаша қырынан ашылған. Фильм көрмеге қатысушылардың үлкен ризашылығына ие болды. Алдағы уақытта екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынас нығая береді деген үміттеміз» деді Синьцзян-ұйғыр автономиялық ауданының Мәдениет басқармасы директорының орынбасары Кеңес Сани.


Сурет: tengrinews.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға