ТЖМ баспасөз қызметі

Аюсай шатқалына барған туристерге көмек көрсетілді

Алматы тауларындағы құтқару операциясы орындалып, екі адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2004-2008 жылы туған 6 адамнан тұратын туристер тобы Аюсай шатқалына жорық жасаып, негізгі бөлігі Үш аю алаңына түсе бастағанда, кідіріп қалған қыздар жаңбыр асына түсіп, өздігінен түсе алмаған. 

Түнде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2006 жылы туған екі бойжеткенді биіктігі 1600 м-ге жететін тау баурайынан эвакуациялап, визит-орталығына дейін жеткізіп, мазасыздана күтіп тұрған туыстарына табыстады, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

ТЖМ бұл ретте тауға шықпас бұрын ауа-райы болжамын тексеріп, қатысушылардың тәжірибесі мен физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, маршрутты жоспарлауды қаперге салады.