Айтыскер Оразалы Досбосыновтың ұлы алғаш рет әке атанды
Қазақ айтысының жарық жұлдызы, есімі ел жадында сақталған Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан тұңғыш рет әке атанды. Бұл қуанышты жаңалық ақынның есімімен жүргізілетін Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын! – делінген жазбада.
Оразалы Досбосыновтың өмірден өткеніне жиырма жылдан асса да, айтыс өнерінің көркем биігінен көрінген ақынның есімі әлі күнге дейін елдің жүрегінде сақтаулы. Енді, міне, оның немересі өмір есігін ашты.
Нұрсұлтан – Оразалы мен жұбайы Ажардың жалғыз ұлы. Ерте жасында ата-анасынан айырылған ол бүгінде бір отасының отағасына айналды.
Желі қолданушылары да бұл жаңалықты жылы қабылдап, шынайы тілектерін жарыса жазды:
«Бауы берік болсын! Атасының жолын жалғайтын текті ұл болғай!»
«Адам ұрпағымен мың жасайды. Ораз ағамыздың рухы шат болсын!»
«Ата мен апа бұл күнді көрмей кетті... әттең, бір кем дүние...»
Оразалы Досбосынов 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келіп, 2006 жылы небәрі 29 жасында жол апатынан қайтыс болды. Ол – қазақ айтысының алтын дәуірінде қайсар даусы, өткір тілімен ел есінде ерекше сақталған санаулы таланттардың бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

