Жаңалықтар

«Әйтпесе «менің баламмын» демей-ақ қой»: Саят Медеуов әкесінің өсиетін есіне алды

«Әйтпесе «менің баламмын» демей-ақ қой»: Саят Медеуов әкесінің өсиетін есіне алды
Фото: Видеодан алынған кадр 22.11.2023 14:15 1240

Отандық әнші Саят Медеуов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында әкесі достықа адалдықты қалай үйреткенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің сөзіне қарағанда, анасы істі болған досының қасында жүргенін қаламаған. Дегенмен әкесі басу айтып, қайта оған көмектесуді бұйырған.

Бірде досымыз істі болып, сонымен бірге жүрдім. Оны анам білген жоқ. Ауылға барғанда шешем «сен бір күні мына кісінің қасында жүріп, сотталасың, мына жүрісің дұрыс емес» деді. Сол кезде әкем шешеме «Нүке, сен Саятқа сөйлеме» деді. Ал маған «Саят, Аликтің бар кезінде дос болдың ба, жоқ кезінде де дос бол, бар кезінде араластың ба, басына іс түкенде де аралас, қашпа. Досыңның басына іс түскенде кетіп қалатын боласың, онда «менің баламмын» деп айтпай-ақ қой» деді. Сол уақытта әкемнің достыққа адалдығына риза болдым, - деді әнші.

Жақында Саят Медеуов 50 жасқа толған мерейтойына Алматыда концерт берген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға