Жаңалықтар

Қайрат Мәми: Референдум – барлық саладағы қайта құрудың бастауы

Форум бағдарламасы үш сессиядан тұрды.
Қайрат Мәми: Референдум – барлық саладағы қайта құрудың бастауы
Фото: inform.kz 26.08.2022 17:12 2037

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қоғам мен мемлекетті трансформациялау жағдайындағы конституциялық бақылаудың эволюциясы» тақырыбында халықаралық форум өтуде, деп хабарлайды El.kz.

Шара Қазақстанның стратегиялық серіктестері – Еуропалық Одақ пен Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі Еуропа Кеңесінің 2020-2023 жылдарға арналған бірлескен бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.

Форумға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Конституциялық соттарының төрағалары, БҰҰ, Еуропалық Одақ, ЕҚЫҰ, Венециялық комиссиясы, Германияның Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры және басқа да халықаралық ұйымдар құрылымдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Қазақстан халқына жолдауында саяси-құқықтық реформаның маңызды қадамдарын жариялады. Ағымдағы жылдың 5 маусымында Қазақстанда алғаш рет республикалық референдум өтіп, оның аясында Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Олар барлық саладағы кең ауқымды қайта құрулардың бастауын белгіледі. Негізгі Заңға енгізілген өзгерістер президенттік басқару нысанын одан әрі жаңғырту. Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту, сайлау заңнамасын, сайлау және партиялық жүйелерді, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру бойынша пәрменді шараларды көздейді. Конституциялық реформа азаматтардың негізгі құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға ықпал етеді», - деді Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми.

Бұл бағытта Конституциялық Кеңесті Конституциялық Сотқа айналдыру, шағымдану субъектілерінің тізбесін кеңейту үлкен жаңалық болып табылады. Оған қосымша Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кіреді. Конституциялық Сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініштерін қарайтынын мәлімдеді.

Форум Венециялық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылды. Шарада Венеция комиссиясының мүшесі Владимир Варданян барша қазақстандықты Ата заң күнімен құттықтай отырып, екі ел арасындағы серіктестік туралы атап өтті.

«Конституциялық ұйымдарымыздың қызметі арнайы форумдарды ұйымдастыру, талқылау және саралау. 1996 жылдан бастап Венециялық комиссия өкілдері Конституцияға байланысты арнайы семинарлар мен шаралар өткізіп келеді. Сондықтан бүгінгі шарада да Венецияның комиссиясы белсенді қатысып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан депутаттарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Жоғары деңгейдегі Конституциялық кеңес елдері арасында ұлттық ұйымдасқан ұйымдармен ыңтымақтастық жүргізілді. Осыған орай тәжірибе және идея алмасу әртүрлі өтпелі кезеңдегі Конституциялық бақылаудың бірінші үлгілері қабылданған болатын. Конституциялық бағдарлаудың барлығы соттық билік арқылы жүргізіледі. Конституциялық соттар өте күрделі және арнайы біркелкі конституциялық бақылау моделі үлгісінде бола бермейді. Конституциялық сотты алға жылжытатын күш ол – Конституциялық соттың үстемдігі», - деді Владимир Варданян.

Форум бағдарламасы үш сессиядан тұрды. Оған қатысушылар Конституциялық Сот қызметінің құқықтық негіздерін, конституциялық шағым институтын құқықтық реттеудің тұжырымдамалық тәсілдерін, сондай-ақ Конституциялық Сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін және конституциялық бақылау органдары шешімдерінің орындалу мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға