Жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева сахнадан көрінбей кетуіне не себеп болғанын айтты

Айнұр Тұрсынбаева сахнадан көрінбей кетуіне не себеп болғанын айтты
Фото: instagram.com/aidyn_nury 15.02.2024 15:30 8880

Түркияда тұратын танымал ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева айтыста көрінбей, сахнадан алыстап кетуінің себебін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр досымыз келіп, көзайым болып жатырмыз. Елге келген сайын бір улап-шулап қаламыз. Үнемі жақсы жаңалықпен келеді. Осы жолы да бір істің басын қайырды. Айеке, өзіңнен тағы қандай жаңалық күтеміз? Айтысқа қашан шығасың?! Қашан біздің әндерімізге сөз жазасың?! Алда көктем, жаңалықтың жаршысы болатын мезгіл келе жатыр. Олай болса жақында Айнұр Тұрсынбаева сөзін жазған жаңа ән күтіңіздер” деп оқырмандарыма хабарлай беремін, – дейді Қарақат Әбілдина.

Ал Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, оны қазір айтысқа шақырмайды.

Өнерден алыстап кеткенім рас. Бірақ мені айтыстарға шақырып жүрген жоқ. Шақырса бүкіл тірлікті жиып қойып, ұшып келуге дайынмын. Ұлттық өнерге өлгенше қызмет етемін деген өзіме берген сертім бар. Сондықтан мен айтыстан кеткен жоқпын,  – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айта кетейік, танымал әнші Тоқтар Серіков "ХабарLike" бағдарламасында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға