Жаңалықтар

Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасы арзандайтынын айтты

Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасы арзандайтынын айтты
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 25.11.2024 12:24 417

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі дәрі-дәрмек бағасы арзандайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұл шаралар бағаны төмендетуге көмектеседі. Қазір кейбір дәрілердің құны көршілес елдерге қарағанда жоғары.

Не өзгереді? Ең алдымен, бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі. Шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға белгіленеді. Бұл дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе негізсіз қымбаттатуға жол бермейді.

Екіншіден, негізсіз шығындарды алып тастау. Бұрын маркетинг және тасымалдау шығындары 30%-ға дейін жетіп, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15% үстеме қосылатын. Енді бұл қосымша шығындар алынып тасталады, осылайша бағаны қолжетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік туады, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты сөзін жалғай отырып, бағаға қосылатын үстеме төмендетілетінін ерекше айтып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға