Аймағамбетов ұлына мектеп формасын қанша теңгеге алды
16.08.2022 13:41
Фото:
azattyq-ruhy.kz
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектепте оқитын баласына 35 мың теңгеге форма сатып алғанын айтты, деп хабарлайды El.kz.
Үкімет кулуарында журналистер министрден балаларына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын сұрады.
Аймағамбетов мектепке баратын бір баласы бар екенін айтты.
«Жаңа оқу жылына ертерек қамдандық. Біз бірнеше ақ жейде мен шалбар және костюм сатып алдық. Осының барлығына шамамен 35 мың теңгедей кетті. Бұл бір балама ғана жұмсалған қаражат. Егер қай дүкеннен алғанымды айту керек болса, «Glassman» мектеп формасын сататын дүкенге бардық. Халық өте көп болды, кезекте тұрып 36 өлшемдегі форманы сатып алдық», - деді министр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

