Жаңалықтар

Айгүл Иманбаеваның әкесі қайтыс болды

Айгүл Иманбаеваның әкесі қайтыс болды
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva 08.08.2023 12:10 26230

Белгілі әнші, көктемде «Болашақ»бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға түскен Айгүл Иманбаеваның әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иелері әншіге көңіл айтып жатыр. Мысалы, Иманбаева секілді Лондонда білім алып жүрген дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали алғаш болып хабарлаған.

Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз, - деп жазды Ерлан Рысқали.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында әкесіне қатысты ешкім білмейтін сырларын ашқан болатын.

Өнер иесі 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын айтты.

Әкем мен шешем ажырасқанда 4-5 жаста болуым керек. Мектепке бармаған кезім еді. Көп жағдайда ажырасқаннан кейін әкенің портреті де, жақсы көруің де, жек көруің де, қабылдауың да ары қарай анаңның айтқанына және өзіңнің балалық ой түюіңе байланысты болады. Менде әкенің портреті жақсы қалыптаспады. Өйткені, мен әкемнің қатты ішкенін көрдім. Ішіп келіп қана бізді іздейтінін көрдім. Анама қол көтергенін көрдім. Егер менде сондай балалық өпе, наз, тағдыр болмағанда мен Айгүл Иманбаева болмайтын едім, - деген еді әнші.

Бала күнгі қорқыныштар мен өкпе-назды ұмыту үшін актрисаға 40 жыл қажет болған.Араға бірнеше жыл салып, әкесімен табысқан еді.

Бұған дейін Айгүл Иманбаеваның Англияға барып балалы болуды қалайтынын жазғанбыз. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға